Аттестат тапсыру кеші
2017 жылдың 12 маусымында №59 мектеп – лицейінің Акт залында түлектерге аттестат тапсыру кеші өткізілді.
2017 жылдың 12 маусымында №59 мектеп – лицейінің Акт залында түлектерге аттестат тапсыру кеші өткізілді. Аттестат тапсыру кешіне құрметті қонақтары, мұғалімдер мен ата – аналар салтанатты мерекеміздің қонағы болды.
Мерекеміздің құрметті қонақтары болған:
1. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының үш тілдік білім даму орталығының директоры ҚР БҒМ- Сырымбетова Ляйля Сарқытқызы;
- Астана қаласының Білім Басқармасының мониторинг және анализ бөлімінің маманы - Шлейманов Акжол Амиржаевич;
- Қазақстандық шахматшы, халықаралықтурнирлердіңбірнешедүркін чемпионы, әйелдерарасындахалықаралық гроссмейстер- Садуакасова Динара Рамазановна;
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, киноактер, Қасым Қасеновтың басты рөлінде ойнаған Қыстақбай Қуандық Қапсалаңұлы;
5.Астана қаласыныңҚамқоршыларкеңесініңтөрағасыныңорынбасары - ДжуматаевКуанышДжетписбаевич;
6.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Бас штабы бастығының орынбасары - Колесников Олег Валерьевич;
- Қазақ ұлттық Хореография академиясының оқытушысы, өнермагистр мұғалім, PhD докторы - Кензикеев Руслан Владимирович;
Түлектерге аттестат тапсыру кезінде құрметті қонақтарымыз келесі номинациялар бойынша: «Алтын қор»; «Дарын»; «Лидер» «Жас Ұлан»; Спорттық сайыс бойынша; «Әсем» түлектерге грамота табысталды.
Бұл күнде түлектеріміз үшін Қазақстан Республикасының танымал әншілері – Адам және Рүстем Нұржігіт өздерінің өнерімен қоса ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Халықаралық және ұлттық конкурстардың лауреаттары, балдық бидің өнерпайздары – Глазков Игорь и Глазкова Анара өнерлерін көрсетті.
Бүгінгі күннің әрбір сәтін түлектеріміз өмір бойы жадында қалдырары сөзсіз. Салтанатты кешіміз әсерлі сәттерге толы болып, түлектеріміздің жарқын болашаққа деген қадамдарына тек сәттілік тілейміз.