1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай Астана қаласында балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай Астана қаласында балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай Астана қаласында балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың орындаушылық шеберліктерін қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған шеруге Астана қаласының мектеп оқушылары, сондай-ақ орта білім беру мекемелерінің педагогтері, жергілікті орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Мерекеге орай ұйымдастырылған шеру Астана қаласы Абай, Республика, Кенесары көшесінің бойымен жүріп өтті. Бұдан кейін шеруге бірнеше шығармашылық ұжым қатысып, шеру қораптарында балалар және жастар музыкалық ансамбльдері, халық аспаптары оркестрлері, үрмелі аспаптар, ішекті-ысқылы аспаптар, барабаншылар, бишілер, сондай-ақ басқа да музыкалық ұжымдардың түрлерімен қатар черлидерлер де өнер көрсетті. Бұл шеруге сондай-ақ №72 мектеп-лицейі оқушылары мен ұстаздары да қатысып, ат салысты. Өз кезегінде шеруге қатысушы №72 мектеп-лицейі оқушылары қорап ішіндегі музыкалық ансамбльдің орындаған музыкасына сәйкес үйлесімді түрде би билеп, шеруде бірдей қимылдау арқылы жақсы әсер қалдырды.