Меню KDT

«Соңғы қоңырау» мерекесі


11-сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

2017 жылғы 25 мамырда Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 11-сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Он бір жыл бұрын біздің түлектер ата-аналармен бірге мектептің табалдырығын алғашқы аттаған. Онда олар үмітке толы кішкентай балалар еді. Қазір олар жас жігіттер мен бойжеткен қыздар, өмірлері енді басталуда. Біздің түлектер – гүлденген, дамыған мемлекеттің болашақтары.

Бүгін – жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар күні,

Бүгін — өмірдің алғаш соқпағының сынар күні.

Бүгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні

Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып,

Жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.



Комментариев нет
Просмотров: 649
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2017 в 00:00