Ұлылардың Ұлысы - Абай
№ 21 орта мектебінде мамыр айының 19 жұлдызында әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің тақырыбы: «Ұлылардың ұлысы - Абай».
№ 21 орта мектебінде мамыр айының 19 жұлдызында әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің тақырыбы: «Ұлылардың ұлысы - Абай».
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Кешке 7-9 сыпып оқушылары қатысты.Оқушылар ғұлама ақынның кара сөздерін,өлеңдерін,әндерін жатқа айтып рухани тәрбие алды.Кешке музыкалық колледжінің студенттері шақырылды.Ата-аналар да келіп тамашалады.Жетекшісі өз қойған мақсатына жетті.
Ойымды мына өлең шумағымен түйіндеймін.
Өлмейсің мәңгілікке,ғұлама ақын
Себебі жанашыр көп саған жақын.
Сөздерің жетелейді парасатқа
Өмірің өнегелі ,жұртқа айқын.


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Абдрахманова Г.Т.