Мектептің 110 жылдық мерейтойына арналған мерейтойлық шара өтті
2017 жылғы 13 мамырда мектептің 110 жылдық мерейтойына арналған «Тамыр терең білім ордасы» атты мерейтойлық шара өтті.
2017 жылғы 13 мамырда мектептің 110 жылдық мерейтойына арналған «Тамыр терең білім ордасы» атты мерейтойлық шара өтті. Мерекелік жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин Қанатұлы, мектеп түлектері, ардагер ұстаздар мен ата-аналар, мектептің демеушілері Астана қаласы АҚ «Сбербанк» филлиалының директоры Утемисов Марат Бортайұлы қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады. Келген қонақтар алдымен мектеп тарихынан сыр шертетін мұражайды және оқушылар шығармашылығына арналған білім көрмесін тамашалаудан бастады. Сондай-ақ, мектеп ауласында қазақ күресі, каратэ -до, тоғызқұмалақтан спорттық сайыс өтті. Мектеп түлегі Сырым Әуесхан секілді бірнеше республикалық ақындар айтысының жүлдегерлері мен оқушылардан құралған ақындардың 4 жұбы өнер көрсетті.
Мерекелік шара соңы Маржан Арапбаева бастаған эстрада жұлдыздары және мектептің өнерлі оқушылары, ұстаздарының орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Комментариев нет
Просмотров: 758