Меню KDT

Дуалды оқыту – өмір талабы!

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 2017 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласында өткізілген


Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 2017 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласында өткізілген «Дуалды білім беруді ұйымдастыру мәселелері, шешу жолдары» тақырыбындағы өткен дөңгелек үстелінің ұсынымдарын орындау мақсатында  2017 жылдың мамыр айында колледждің  0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 0508012 «Аспаз» біліктілігінің «Мол Дастархан» ЖШС әлеуметті серіктестерінің тәлімгерлеріне арнап ұйымдастырылған, психологиялық-педагогикалық лекториі мен сабақ кестесінің графигі құрылды.
2017 жылғы 4 -16 мамыр аралығында колледж директорының  орынбасары Сералимов М.Е., әдіскер Хасенова  С.Е., психолог  Сералиева М.П. психологиялық-педагогикалық практикумы, «Дөңгелек үстел» өткізіп, тәлімгерлер мен студенттер арасында өндірістік тәжірибе өту кезіндегі туындайтын мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, талдап, кеңес берді. Дәрістер «Мол Дастархан» ЖШС-ң  «Избушка» асханаларының үш бөлімшесінде де ұйымдастырылды.
Сабақтарға келесі тәлімгерлер қатысты: Атагельдинова А.Т., бөлімшенің директоры, Рожков Ю.Р., Кармакова А.С., Володина Л.А., Кадыров Е.Ж. – өндірістің меңгерушілері, Петухова Н.С. и Толегенова О.Х. -  әкімшілік қызметкерлері, Коканбаева А.А. – бас аспаз.


Комментариев нет
Просмотров: 550
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.05.2017 в 00:00