«Бала-өмір жалғасы.» (ата-аналар жиналысы)
Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Гүлнара Төлебайқызының «Бала-өмір жалғасы.» тақырыбында өткізген ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Бала-өмір жалғасы.» (ата-аналар жиналысы)
Мақсаты:Бала бойына сүйіспеншілік,мейірімділік,т.б.жақсы қасиеттерді ұялата білуде отбасы мен мектептің маңызы зор екенін нақтылыау.
ә) халқымыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен ,ата ақылымен берілетіндігін ұғына білу.
б) отбасы,құрбыларының арасындағы бауырмалдылық,қайырымдылық,достық,сыйластық қарым-қатынасқа баулу.
Көрнекіліктері: слайдтар,фотосуреттер.сауалнамалар,мақал-мәтелдер,кері байланыс парақшалары.
Әдісі:топтау,сұрақ-жауап.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Слайд: «Өмір-өзен.»
Эпигрф:
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
“Бала тәрбиесіндегі мектеппен отбасының маңызы.”
«Бала-өмір жалғасы.»
- Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
- Жақсы,жаман болса бала солардан.
Жүсіп Баласағұн.
Ата-аналар дөңгелене ортаға тұрады: (боймен сапқа тұрып,1,2,санайды.)
1-ші –лер бірінші топқа ,2-ші-лер 2-ші топқа бөлінеді.
1-ші топ: «Мектеп»
2-ші: топ: «Отбасы»
І-тапсырма:асоц.құру.
ІІ-тапсырма: «Бала» сөзіне 5-жол өлең құрау.
Екі топты біріктіріп тұрған «бала»яғни бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы
«Бала-өмір жалғасы.»
Слайд:Ата-ана туралы дана сөздер.
- Ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.
- Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
- Ата-анасын ұмытқан бала опасыз,рақымсыздың рақымсызы.
- Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың.
- Ана-жарық дүниеге әкелуші.
- Көріністерден үзінді.
- «Қарт пен бала әңгімесі», «Дүниеде не тәтті?»
Өмірде не жетім?
- Өмірде ата-анасы жоқ болса бала жетім.
- Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
- Суы жоқ құдық жетім.
- Досы жоқ жігіт жетім.
- Шәкіртсіз ұстаз жетім.
- Ата-ана ақылы жерде қалса ,бәрінен де сол жетім.
Ойын: Мақалды жалғастыр:
1.Ананың көңілі балада,...
- Баланың жақсысы қызық..
- Атаңның баласы болма,...
4.Балалы үй базар,..
5.Ата-анаңның қадірін,...
6.Атаға қарап,...
7.Анаға қарап,...
Пікірталас:
-Бақытты отбасы болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңіздер?
-Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
-Балада өзімшілдік қасиеттің қалыптасуы неден деп ойлайсыз?
-Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па па,әлде қатал тәрбиелеген дұрыс па?
-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс,қалай ойлайсыз?
Жағдаяттар:
Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік.
Сіздің іс-әрекетіңіз.
Балаңыз мектептен жылап келді: “мұғалім маған ұрысты” деп...
Сіздің іс-әрекетіңіз.
Балаңыз “өте жақсы ”деген бағаға оқитын бала еді.Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді.
Сіз не істер едіңіз?
Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды.Ол бала сіздің балаңыздың өте жақын жолдасы екен.
Сіздің іс-әрекетіңіз.
Видеокөрініс:
“Ашық микрофон айдары ” әр ата-ана өзінің көкейіндегі толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып,пікір алмасады.
Ой толғау. «Бала-өмір жалғасы.»
«Балалық шаққа саяхат» мектеп кезіндегі қызықты көріністер және отбасылық фотосуреттер.
Кері байланыс: «Даналық ағашы»