12-мамыр Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін атап өтуді ұйғарды.
Осыған орай Еңбек бастауыш мектебінде 12- мамыр күні ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп меңгерушісі Жукенова Г.А. ата- аналарға «2016-2017 оқу жылының аяқталуы туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №128 Бұйрығына сәйкес оқу жылын аяқтауды жүзеге асыру», «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөнінде ақпарат алу», «Жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы », сонымен бірге «Қамқорлық кеңесі» мәселелері ұсынылды.Сонымен қатар биылғы оқу жылының жетістіктері айтылды.1-сынып оқушыларының жаңартылған оқу бағдарламасын меңгеруі жөнінде, оқу кезеңдерінен слайдтар көрсетілді.Ата-аналар жиналысын «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі Венинг М.И. көңілді тренингпен аяқтады.