Меню KDT

«Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, құрметті профессор, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы оқу-әдістемелік кабинеті ашылды

«Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, құрметті профессор, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы оқу-әдістемелік кабинеті ашылды


Кабинеттің ашылу мақсаты: Қазақ педагогикасының ірі құбылысы Қ.О.Бітібаеваның педагогикалық мұрасын дәріптей отырып, мектеп ішінде және қала бойынша пән мұғалімдерімен байланыс жасау, ұстаздың озық тәжірибесімен бөлісу.

Ашылған кабинет Қ.О.Бітібаеваның ғылыми-тәжірибелік лабораториясының үлгісінде жасалды. Кабинет екі бөлмеден тұрады: бірінші бөлмеде – кітапхана, яғни, оқушылардың сабақ барысында жұмыс жасауына мүмкіншілік жасалынған болса, екінші бөлмеде ұстаз еңбектері  бойынша әдістемелік көмектер мен дидактикалық материалдар, қосымша ғылыми деректер жинақталған. Сонымен қатар, ұстазға сыйға берілген шапан, М.Өтемісұлының суреті тоқылған кілем сынды құнды дүниелермен де толықтырылған.


Комментариев нет
Просмотров: 109
Автор: 72mektep
Сайт: www.72.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.05.2017 в 00:00