Меню KDT

Республикалық жалпы халықтық ата-аналар жиналысы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.


2017 жылғы 12 мамырда Республикалық жалпы халықтық ата-аналар жиналысы өтті.
Әр 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысын өткізуге әкімшілік құрамыннан құрылған модераторлар жұмыс жасады.
Аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі, демеушілік, жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру және мектеп бітіру іс-шаралары мәселелері енгізілілді. «Мектепке кітап сыйла» ата-аналар қоғамы арасында акциясын ұйымдастыру болды.



Сонымен қатар, ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне қатысу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері шақырылды.
Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгеріс бар. Еліміздің барлық қаласы мен ауылдарында бір мезгілде өткізілетін шара барысында осы мәселелер туралы сөз болады. Осыған орай балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр.
Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді. Алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын болады.
Биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады. Сондай-ақ қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасының ажырауын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы бастау алды.
Ата-аналар жиналысында мектеп әкімшілігі Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылады. Мектепке жаңадан Қамқоршылар кеңесінің төрайымы, орынбасары және хатшысы сайланды.
«Мектепке кітап сыйла» ата-аналар қоғамы арасында акциясын ұйымдастыру мақсатында ата-аналарға мектеп кітапханаларына оқуға пайдалы деген кітаптарыңызды өздеріңізбен бірге әкеліп, мектеп кітапханаларына өткізсеңіздер, бұл да бір жарқын іс болары сөзсіз болатынын айтып өтті. Өйткені, бұл жерде сіз бен біздің балаларымыздың білімі мен болашағы тұрғанын ұмытпайық.
Ал біздің болашағымыз – балалар!


Комментариев нет
Просмотров: 494
Автор: 15mektep
Сайт: www.15.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.05.2017 в 00:00