Республикалық Астана жұлдыздары байқауы
Астана қаласында өткен Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана жұлдыздары» байқауына бастауыш сыныптардан 6 оқушы қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Жалпы 280 оқушы өз бағын сынаған бұл байқауда мектеп мерейі үстем болды. «Көркем сөз», «Вокал» жанрларына қатысып, жұлдыздай жарқыраған оқушыларымызға әлі де толағай табыстар тілейміз.
Астана қаласында өткен Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана жұлдыздары» байқауына бастауыш сыныптардан 6 оқушы қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.
Жалпы 280 оқушы өз бағын сынаған бұл байқауда мектеп мерейі үстем болды. «Көркем сөз», «Вокал» жанрларына қатысып, жұлдыздай жарқыраған оқушыларымызға әлі де толағай табыстар тілейміз.
«Өнер – ағып тұрған бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ», - дегендей өнер айдынында шеберлік танытқан оқушыларға әділ қазы мүшелері мен ҚР мәдениет қайраткері, продюсер, әнші Майра Ильясова өз алғыстарын айтып марапаттады. «Көркем сөз» жанры бойынша:
Бас жүлде - 2 «Е» сынып оқушысы Марат Әдемі, сынып жетекшісі Амантаева Л.Р.
І орын – 3 «В» сынып оқушысы Асан Мейіржан, сынып жетекшісі Ахметкалиева М.Ж.
ІІ орын – 2 «Е» сынып оқушысы Жусупова Ясмина, сынып жетекшісі Амантаева Л.Р.
Дипломант – 3 «В» сынып оқушысы Саяхат Алқар, сынып жетекшісі Ахметкалиева М.Ж.
«Вокал» жанры бойынша:
ІІ орын – 3 «А» сынып оқушысы Төрегелді Нұрғаным, сынып жетекшісі Мұсабаева С.Е.
ІІІ орын – 4 «А» сынып оқушысы Кеңесхан Алан, сынып жетекшісі Темірбекова Ж.С.
Грамота – 2 «А» сынып оқушысы Куатжанов Айқын, сынып жетекшісі Әбіш Г.Т.
Оқушыларымызға тек биік тұғыр тілейміз!

