Меню KDT

«Өркендеу» жобасы аясында «Батыр бабалардан тағылым» атты кездесу кеш өтті.


Шешендік  сөз қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы-елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөзі. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман –тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы оралымды байқалады. Шешенді өнердің тарихы бар. Қазақтың шешендік өнерінің сөз атасы Майқы би, Аяз билерден басталады. Нақылға толы бұл өсиет сөздер тыңдаушысын баурап, көңіліне ұялары сөзсіз. Мақал-мәтел ретінде сөз түйіні, ұлағатты ой жиынтығы ретінде кәдесіне жарап  жүр.

            №51 мектеп-гимназиясында «Өркендеу» жобасы аясында «Батыр бабалардан тағылым» атты кездесу кеш өтті.
Мақсаты: өз ана тілінде еркін сөйлеп тілін, дінін сақтауды,  тәуелсіз егеменді ел болуды аңсап кеткен бабаларымыздың  арманын орындау. Сол бабаларымыздың рухы бойымызда бар ма? « Рухы жоқ ел әлсірейді, келешегі жоқ» деген екен ойшыл Конфуций. Бүгінде тек тарихымызды тереңнен оқып білгенде ғана, бабаларымыздың еткен ерлігін, жүріп өткен қиын жолдарын  түсінеміз. Осындай ұлан байтақ жерді ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен қорғап, біздерге аманат етіп отырғандығын әр адам жүрегімен түсінуі керек.  Оқушыларға қазақ халқының би, шешендерінің сөздерінің мәнін терең түсіне білуге және тілге деген сүйіспеншіліктерін  арттыра  түсу мақсатында 5-сынып оқушылары «Билер ауылы» мен «Шешендер ауылы » болып екі топқа бөлініп, сайысқа түсті.

 Қазақ халқы ақындық пен шешендікті қасиетті өнер деп санаған, оған тыйым салынбаған, шек қойылмаған. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». «Сөзге сөзбен жауап бермесе, сөздің атасы өледі» деп, кімнен болса да тартынбай, тайсалмай сөйлеуді талап еткен. Осы қасиетті оқушыларға жете түсіндіріп, сөз қадірін қадірлеуге, шебер де сауатты сөйлеуге үйретуді мақсат тұттық.

Кездесу кешке арнайы шақырылған қонақтарымыз: Республикалық ардагерлер кеңесі төрағасының  орынбасары – Озғанбаев Өмірзақ,  мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев, Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан Жастар қанатының жобалар бөлімінің меңгерушісі – Айжан Мыңжасарқызы, «Алдаспан» батырлар қорының президенті – Абзулдаева Күлән Тұрысбекқызы  қатысты.  Кеш соңында кешке қатысқан оқушыларға сертификат пен кітаптар табысталды.





Комментариев нет
Просмотров: 723
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.05.2017 в 00:00