«Ер – елінің қорғаны»
5 мамыр күні мектебіміздің кітапханасында Отан қорғаушылар күні мерекесінің 25 жылдығына орай, «Ер – елінің қорғаны» атты кіріктірілген мемора әдісімен тәрбие сағаты өтті
5 мамыр күні мектебіміздің кітапханасында Отан қорғаушылар күні мерекесінің 25 жылдығына орай, «Ер – елінің қорғаны» атты кіріктірілген мемора әдісімен тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымызға ауған соғысының ардагерлері Қожабеков Ғ.,Нұрманбетов Қ. мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бодаева Ж.А., Ибышева К.А., бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі Апакова А.Ж., әлеуметтік педагог Абдахова С.М., тәрбиеші Алдыбергенова Г. Қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды, Отан сүйгіштікке, елін, туған жерін қорғай білуге тәрбиелеу. Кітапханашылар «Ұлы жеңіс - ұрпаққа ұлағат» атты көрме және слайд көрсетілді.

