Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, олардың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, олардың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш қонақтары:Ұлы Отан соғысының ардагерлері Байкешев Рзағұл, Шамбулов Жанияз және Каримов Жүніспек.
«Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты кездесу кешінің ашылу рәсімінен кейін, осы бейбіт өмірге жете алмаған боздақтарымыздың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алынды. Мектеп басшысы кеш қонақтарын жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге жүрек жарды алғысын білдірді.
Кездесу барысында 1941-1945жж.соғыс туралы ақпарат берілді, ерліктің қос шынары Әлия мен Мәншүк туралы кинофильмінен үзінді, тақырыптық слайдтар және «Жас десанттар» дефилесі көрсетілді.
Кездесу барысында ардагерлеріміз сұрапыл соғыстың Отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, жаумен шайқаста көптеген қиыншылықтар көргенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқаны туралы әңгімеледі. Жастарға қазіргі бейбіт заманда өмір сүрулерін, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға және жақсы білім алуға шақырды. Кездесу соңында мектеп ұжымына және оқушыларға ізгі тілектерін айтып өтті.
![]() |
![]() |