Меню KDT

«Бiр ел — бiр кiтап» акциясы

Қазақстан Республикасында «Бiр ел — бiр кiтап» акциясы өтiп жатыр.  Акцияны шығармашылық және қоғамдық зиялы қауым, сондай-ақ студенттер, оқушылар, орта жастағы адамдар қолдады. Осы акцияға орай аудандық орталық кiтапхананың оқу залында «Бiр туар асыл ақын» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.

2017 жылдың 19 сәуiрiнде аудандық орталық кiтапханада «Жыр сұлтаны — Сұлтанмахмұт Торайғыров» тақырыбында әдеби-танысу өттi, iс-шараға кiтапхана оқырмандары, мектеп мұғалiмдерi, студенттер, оқушылар қатысты. Iс-шараның мақсаты — оқырмандарды ақынның өмiрi мен шығармашылығымен таныстыру, С. Торайғыровтың өмiрбаянын үлгiге ала отырып, патриоттық сезiмiн, адамгершiлiк қасиеттерiне тәрбиелеу.

Iс-шараның соңында мектеп оқушылары Торайғыровтың өлеңдерiн жатқа айтты. Қатысушыларды «Жыр сұлтаны — С. Торайғыров тақырыбындағы кiтап көрмесiмен таныстырып, шолу жасалынды. Қатысушылар көрме алдында фотосуретке түстi.

Комментариев нет
Просмотров: 578
Автор: b123skobilim
Сайт: www.b123.sko-bilim.kz
Добавлено: 20.04.2017 в 00:00