Отан – рухы биік, асқақ ұғым!
1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры, И.Б.Байкенұлына береміз. 


