Меню KDT

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады. Биыл - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл.
Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!


Комментариев нет
Просмотров: 505
Автор: b135skobilim
Сайт: www.b135.sko-bilim.kz
Добавлено: 05.05.2017 в 00:00