Меню KDT

«Орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану»

     2017 жылдың 5 сәуірінде №64 мектеп-лицейде «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану» тақырыбында  «Ынтымақ» желілік қоғамдастығының қорытынды  форумы болып өтті. Форумға Астана қаласы Білім Басқармасының әдіскерлері, Астана қаласы №64 мектеп-лицей  серіктес  мектептерінің деңгейлік курс оқыған мұғалімдері қатысып,


     2017 жылдың 5 сәуірінде №64 мектеп-лицейде «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану» тақырыбында  «Ынтымақ» желілік қоғамдастығының қорытынды  форумы болып өтті. Форумға Астана қаласы Білім Басқармасының әдіскерлері, Астана қаласы №64 мектеп-лицей  серіктес  мектептерінің деңгейлік курс оқыған мұғалімдері қатысып, желілік қоғамдастық аясында озық тәжірибелермен бөлісті. Форум бағдарламасында №64 мектеп-лицей мұғалімдері М.С.Аубакирова, Б.А. Байдүйсен, А.А.Бекботаева, А. Жусупбекова, А.Б. Шотпаева, Б.М. Мұхамедиярова, Ж.А.Табыспаева, Г.К.Мадиевалардың жүргізген сабақтары ( орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, информатика)   мен тренинг шаралары жоғары бағаланды.  Форумда сонымен қатар, №44, №38, №52 мектептердің мұғалімдері десант сабақтар мен тренинг өткізіп,  соңында мектеп координаторларының жылдық қорытынды жұмыстары сараланды. Форум жұмысы іс-тәжірибесін ортаға салған ұстаздарды марапаттаумен қорытындыланды.

 












Комментариев нет
Просмотров: 666
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 06.05.2017 в 00:00