21.04.2017ж күні біздің мектебімізде Елбасының 12 сәуірдегі мақаласы бойынша мектеп ұжымы арасында талқылау мақсатында дөңгелек стол өтті.
Мектеп мұғалімдері не кітапхана меңгерушісі С.Айтмағанбетованың және пән бірлестік мұғалімдері өз ойларын ортаға салып талқылады.
Елбасының мақалада XXIғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейдігі туралы тарих пәнінің мұғалімі С.Ердеханова өз пікірін айтты.
.Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның жағымды жақтарын бойымызға сіңіруіміз керек.
Елбасымыз қоғамның және әрбір қазақстандық азаматтар мен азаматшалардың санасын жаңғыртудың 6 бағытын атап көрсеткенін С.Айтмағанбетова атап өтті.
Біріншіден, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, 2025жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды,бәрін латын әліпбиімен басып шығаруға тиіспіз деп атап айтқаны туралы және 2018жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу қажет екендігі жайлы ойын А.Жабатай ортаға салды
Білімнің салтанат құруы, бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті аса білімдар адамдар ғана мол табысқа жете алатындығын баса ескерткендігі және құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жете алатынына Елбасының сенім артып отырғанын туралы тарих пәнінің мұғалімі Б.Беймендин өз пікірін ортаға салды.
Елбасының мақаласында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып мектеп ұжымы қазіргі таңда рухани жаңғырудың әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып жоғаыда айтылған ой-пікірлерін қорытындылай келе мақалады қолдады.






Комментариев нет
Просмотров: 570