1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні Шал акын ауданының Новопокровка ауылдық мәдениет уйінде мерекелік іс шара өтті.Мектебіміз жанындағы "Еркетай" шағын орталығы тәрбиешісі Венинг Марина Ивановна жетекшілігімен барған оқушылар көп әсер алып қайтты. Біздің мектебіміздің оқушылары Жанбырбаева Аружан,Қуатова Толғанай,Сейітжан Дидар және Жаслан Ерсұлтан "Калинка" орыс биін билеп,көрермен қошеметіне бөленді.Бұл біздің оқушыларымыздың ауылдық округте өз өнерлерін көрсетуі алғашқы рет емес. Мектеп қызметкері Тыштыбаева Бағдагүлдің "Көзімнің мөлдірі -ай"әнін орындағанда тындарман таң- тамаша қалды.
Комментариев нет
Просмотров: 320