Меню KDT

«Үздік сынып жетекшісі-2017» байқауы

Еңсесі  биік  егеменді  еліміздің  адалдықты  ту еткен  алғыр ойлы, адал  азамат ұл-қыздарына саналы  тәрбие, сапалы білім беруде  талмай  еңбек  етіп  жүрген сынып жетекшілерінің шығармашылығын байқау мақсатында «Үздік сынып жетекшісі-2017» байқауы  өтті. Қазіргі  қоғамдағы  тәрбиенің рөлін  арттыру, тәрбие  үрдісін жетілдіру, тәрбие  субъектілерінің  құзырлылығын  дамыту  да  байқаудың мақсаты болды.


Еңсесі  биік  егеменді  еліміздің  адалдықты  ту еткен  алғыр ойлы, адал  азамат ұл-қыздарына саналы  тәрбие, сапалы білім беруде  талмай  еңбек  етіп  жүрген сынып жетекшілерінің шығармашылығын байқау мақсатында «Үздік сынып жетекшісі-2017» байқауы  өтті. Қазіргі  қоғамдағы  тәрбиенің рөлін  арттыру, тәрбие  үрдісін жетілдіру, тәрбие  субъектілерінің  құзырлылығын  дамыту  да  байқаудың мақсаты болды.

   Мектепішілік «Үздік  сынып  жетекші-2017» байқауының  ашылу  құрметінің  алғы сөзін мектеп директоры Садықова  Зәуре  Жақанқызы  ашты.

Сайыс  кезеңдері:    

  1. «Менің  кәсіби ерекшелігім» тақырыбында өзін  өзі  таныстыру
  2. «Ұшқыр  ойдан  белсенді  әрекетке» педагогикалық       жағдаятты                                                     

             талдау  және шешу.

        3.«Өнерлі-өрге  жүзер» тақырыбында   өз өнерін  көрсету

        Сайысқа  қатысушы  сынып  жетекшілері ашық сабақтар беріп, өз портфолиоларын дайындаған  еді. Сайыстың  соңғы  турына да жоғары дайындықпен келген.

   Сайысқа қатысушы сынып жетекшілері:

  • Шаленова Алия Айткенқызы – 3 «Г» сынып жетекшісі
  • Әбіш Гауһаркүл Темірханқызы - 2 «А» сынып жетекшісі
  • Макантаева Гүлманат Базарбайқызы - 5 «Д» сынып жетекшісі
  • Молдағалиева Гүлжайна Бағдатқызы - 2 «Ә» сынып жетекшісі
  • Биходжаева Айгерім Сұлтанқызы - 3 «З» сынып жетекшісі
  • Темиркулова Сандуғаш Қайнарбекқызы – 7 «Г», 9 «А» сынып жетекшісі
  • Сағынбаева Дария Мұхтарқызы - 2 «Б» сынып жетекшісі

    Бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып жүргендерін дәлелдеуге  тырысқан  сынып жетекшілері  өздерін  барлық  қырынан  танытты.

 Сайыс қорытындысы  бойынша:

  «Жыл  сынып жетекшісі-2017» атағын 2 «Ә» сыныбының  жетекшісі Молдағалиева Гүлжайна  Бағдатқызы  алды.

    1 орын - 5 «Д»сынып жетекшісі- Макантаева Гүлманат Базарбайқызы

    2 орын - 2 «А» сынып жетекшісі - Әбіш Гауһаркүл Темірханқызы

    3 орын - 3 «З» сынып жетекшісі- Биходжаева Айгерім Сұлтанқызы

 Қалған  сынып  жетекшілері номинациялармен марапатталды.

     Сайысқа қатысқан сынып жетекшілеріне шаршамай талмай, еңбек ете беріңіздер дейміз! Тек биік шыңдардан көрініңіздер!


Комментариев нет
Просмотров: 952
Автор: 48mektep
Сайт: www.48.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.04.2017 в 00:00