Меню KDT

23-сәуір Бүкіләлемдік кітап күні.


   «Тек кітап қана алға жылжуды,адамдық шыңына шығуды үйретеді.»

                                            Н.Ә.Назарбаев.

 

   Әрбір қазақтың сүйіп оқитын жазушысы Шерхан Мұртаза: «Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс.Егер еріте алмаса ол –осал шығарма.»деген сөзі кітаптың адам өміріндегі , жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын айғақтаса керек.Ұлы ойшыл Шекспир болса: «Кітап- маған тақтан да қымбат.»-деп кітаптың құдыреттілігіне табынды, бүгінгі таңда жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып бара жатқан «кітап әлемін» қайта жандандыру – кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет.

Кітап- ең сабырлы ұстаз.Әр кітап өзінше бір құпия.Еліміздің баспаларынан жыл сайын  көптеген кітаптар басылып шығады. «Алматы», «Атамұра» «Жазушы» кітап баспаларынан шыққан көздің жауын алатындай кітаптар, балаларға арналған әдебиеттер кітапхана қорын толықтыруда.Иә ,кітапхана -бір әлем.

22 -сәуір Бүкіләлемдік кітап күніне орай оқушылармен ауылдық кітапханаға

сыныппен бардық.Ауылдық кітапханашы  Алма Тлемісқызы  бүкіләлемдік кітап күнін түсіндіре кетті.

-1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега сынды тұлғалар қайтыс болған. Сондай-ақ, Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла және Мануэль Мехиа Вальехо атты авторлардың туған немесе дүние салған күндері саналады. 1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды, қазір ол 100 астам елді қамтиды.

 

Оқушылар оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті.

 

 

  


Комментариев нет
Просмотров: 604
Автор: b1321skobilim
Сайт: www.b1321.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.04.2017 в 00:00