сенбілік
Сенбілік аясында С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінің ұжымы мен мектеп оқушылары мектеп аумағын күл-қоқыстан тазартумен қатар, көшелерді де қоқыстан тазартып өткен болатын. Ұлы Жеңіс күніне орай ескерткіш маңы да тазартылып жайнай түсті. Үйреншікті үдеріске айналған сенбілік ауылдың көркеюіне көп үлес қосуда. Бірлігі бекем тұрғындар бұл іске келгенде жұдырықтай жұмылып, білек сыбана кірісіп кетті.
Комментариев нет
Просмотров: 397