Ұлтын сүйген тау тұлға
2017 жылдың 18 сәуір күні Астана қаласы №49 орта мектебінде ХХ ғасыр басындағы Алаш рухының айбыны мен айбары болған мәдениет және саясат қайраткерлері шоғырында ұлт перзенті Қошке Кемеңгерұлының әдеби және ғылыми мұрасының маңызын оқушыларға таныстыру мақсатында «Ұлтын сүйген тау тұлға» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтары – немересі ЕҰУ аға оқытушысы Ризабек Нарманбетұлы Кемеңгеров, шөбересі ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ғылым кандидаты Қайырбек Ризабекұлы Кемеңгер, тарих ғылымдарының докторы, «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы, ЕҰУ порфессоры Зиябек Қабылдинов, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының порфессоры Сағымбай Жұмағұлов қонақ ретінде қатысты.
Кездесу барысында Қошке Кемеңгерұлының шығармашылық еңбектері, тынымсыз ізденісі, отаршылдық саясат зардаптары, ұлтсыздандыруға бой алдырмаған отаншылдық рух асқақтығы туралы мағлұматтар берілді. Қонақтар өздерімен ала келген бірнеше әдеби кітаптарды мектеп кітапханасына сыйлады.
Оқушылар Алаш орда қайраткерлері жайында рухани азық алды. Кездесу соңында қонақтармен бірге мектеп оқушылары естелік суретке түсті. Бұл кездесу әлі де жалғасын табады.