Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық сабақтары адамзат өмірінің кепілі.
Астана қаласы Білім басқармасының 18.11.2015 жылғы «Астана қаласы білім беру ұйымдары ғимаратының және оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» №643 бұйрығы негізінде, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 21сәуір күні азаматтық қорғаныс бойынша оқу жаттығу дайындық сабағы өтті. Төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл көшіруге (эвакуация) дайын болуға эвакуация жоспары жасалды. Жоспарлы түрде қабаттарға кезекші мұғалімдер тағайындалды, әр қабаттағы оқушылардың шығу бағыттары таныстырылды. Кезекші мұғалімдер дабыл соққанда дер кезінде оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастырды. Оқушылар 4 бағыттан сыртқа шықты. Мектеп бойынша І ауысымда білім алушылар 3 минут аралығында мектеп ғимаратын толық босатты. Г.Камелаш мектеп директорына барлық оқушылар мен қызметкерлердің мектеп ғимаратынан аман-сау 1007 оқушы шығып, эвакуацияланғандығы туралы баянат берді. Төтенше жағдай орын алғанда жарақат алған тұлғаларға алғашқы медециналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық көрсетілді. Жалпы мектеп бойынша азаматтық қорғаныс оқу- жаттығу сабағына І, ІІ ауысым бойынша 2093 оқушы қатысты.Төтенше жағдай орын алғанда шұғыл мектеп ғимаратын босатуға мектеп оқушылары мен мұғалімдері дайын екенін көрсете алды.






Комментариев нет
Просмотров: 523