Меню KDT

Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бала психологиясына әсері

«Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бала психологиясына әсері» тақырыбындағы ата-аналарға арналған семинар-тренинг


Мақсаты:
           Бала тәрбиесіндегі отбасының үйлесімді дамуына қолдау көрсету.

Мектеп психологы М.Е. Дүкенбаева  жиналысты бастап, ата-аналарға ситуациялық сұрақтар берді. Сұрақтар төмендегідей:

  1. Ашу үстінде балаңыз сізге қатты сөйлесе...
Жылда үздік оқып, балаңыз  биылғы жылы үштік алып жатса...
Балаңыздың достары сізге  ұнамайды...
Сіз күні – түні балаңызға  сын айтасыз ...
  1. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
  2. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
  3. Балаңыз түнімен интернетте отырып, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
  4. Балаңыздың жетістігін қалай мақтайсыз?
  5. Қателігін түсіндіру үшін әңгімені қалай бастайсыз?

Ата-аналар белсенді қатысып, жағдаяттарды ортаға салып, талданды.

Сонымен қатар, ата-аналарға отбасылық тәрбиенің түрлері туралы кеңестер беріліп, олардың нәтижесі қандай болатыны туралы ақпарат берілді. (слайд)

Сонымен қатар ата-аналарға жаднама таратылды. Жаднама мазмұны төмендегідей:

Жасөспірімдермен қарым-қатынас жасаудың тиімді ережелері

Ереже 1

Егер сіз ескерту жасағыңыз келсе, ең алдымен ол балаңыздың жақсы жақтарын шынайы мадақтаудан бастаңыз, содан соң сын  айтыңыз .

Ереже 2

Өзіңізге өшпенділік тудырмай қалай сынға алуға болады, яғни қателігін тікелей емес жанама түрде көрсетіңіз

Ереже 3

Балаңыздың қателігін бірден басып айтпастан, өз қателіктеріңізді еске түсіріп, айтыңыз

Ереже 4

Бұйырып айтқанды ешкім ұнатпайды. Сондықтан тікелей бұйрық беруден гөрі, сұрақ қойып, кеңес беру арқылы орындатқаныңыз жөн.

Ереже 5

Балаңыз  өз беделін сақтап қалуға мүмкіндік беріңіз

Ереже 6

Үлкен жетістіктерді көздеуге шабыт берудің бірі – балаңыздың кішкентай жетістіктеріне дейін бағалап, шынайы мадақтаңыз.

Ереже 7

Адамдарға жақсы репутация жасаңыз, әр адам оны ақтауға тырысады, талпынады.

Ереже 8

Мадақтай отырып, сіздің байқаған қателіктеріңізді оңай түзете алуға болады деген әсерді қалыптастырыңыз. Сіздің қойған талаптарыңызды орындау қиын болып көрінбейтіндей болу керек.

 «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»
Егер:

  •  баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
  • баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;
  • баланы мақтаса, ол игілікті болып үйренеді;
  • баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;
  • баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;
  • бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;
  • бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді;
  • бала қауыпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;
  • бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;
  • бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді.

Сондай-ақ отбасылық тәрбиенің мәні туралы видео-роликтер көрсетіліп, талқыланды. Нәтижесінде жеке кеңестерге келуге ұсыныстар білдірді 


 

 


Комментариев нет
Просмотров: 573
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.01.2017 в 00:00