Меню KDT

Зиянды заттар туралы оқушылармен әңгіме

17.04.2017 күні Ақжарқын орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі Аубакирова Ж.Е, тәрбие ісі меңгерушісі  Жамбаев Р.Ж, әлеуметтік ұстаз Манав А оқушылармен әңгіме өткізді.


Мектеп оқушыларымен әңгіме барысы зиянды заттарды қолданудың алдын-алу туралы болды. Әңгімеге мектептің 5-10 сынып ұлдары қатысты. Оқушылар мұғалімдермен бірге зиянды заттардың зардабы туралы презентациямен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарды мұғалімдермен бөлісті. Оқушылар белсенді түрде зиянды заттар қатарына жатқызылатын заттар зиянын түсінікті түрде өздері де баяндады. 


Комментариев нет
Просмотров: 563
Автор: b021skobilim
Сайт: www.b021.sko-bilim.kz
Добавлено: 18.04.2017 в 00:00