Меню KDT

Бастауыш сынып мұғалімінің жетістігі

2016 жылдың тамыз айында Новоишим № 2 орта мектебінде аудан деңгейі бойынша тамыз конференциясында Сарыадыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлегенова Ботагоз Амангельдыевна "Бастауыш сынып оқуышыларының ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың мақсаты: Оқушының ғылыми негізделген көзқарасын дамыту, адамның табиғатқа және қоғамға деген танымдық, эмоционалдық қатынасын, оның іс әрекетін дамыту. Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбиелеу ісіне кешенді көзқарас қолдану, танымдық түрткіні дамыту, ойлау іс-әрекетінің дағдыларын, әр тұлғаның жеке шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі ғылыми белсенді, әлемдік өркениеттік құндылықтарды меңгерген жеке тұлғаның ашуға, информациялық мәдениетті қалыптастыруға ұмтылысын дамытуға болып саналады. Конференция соңында аудан білімі бөлімінен бастауыш сынып мұғалімі Сертификатпен марапатталды. 



Комментариев нет
Просмотров: 679
Автор: b0942skobilim
Сайт: b0942.sko-bilim.kz
Добавлено: 18.04.2017 в 00:00