Меню KDT

22 март Наурыз мейрамы

2017 жылдың 20 наурызында Сарыадыр негізгі мектебінде кіші және орта буын оқушылар арасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтті. Іс - шара қазақтың салт-дәстүрлерінің үзінділерін көрсету арқылы басталды. Келген қонақтар Наурыз көженін дәмін татты. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Аналар арасында "Ауылдың келіндері-ай" атты сайыс өткізілді. Бұл сайыста ауылдың жас келіндері өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың соңында әр қатысушыға номинациялар беріліп, мадақтамалармен марапатталды. Концерттік бағдарлама  соңында келген қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татты.  



Комментариев нет
Просмотров: 744
Автор: b0942skobilim
Сайт: b0942.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.03.2017 в 00:00