Меню KDT

Мейірімділік – асыл қасиет

 

Мейірімділік – асыл қасиет
Педагог-психолог: Балгожина С.Б.


    Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
         Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.  Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу.





Комментариев нет
Просмотров: 462
Автор: b0514skobilim
Сайт: www.b0514.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.04.2017 в 00:00