Меню KDT

Астана қаласы №61 орта мектептің «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің 6-17 наурыз аралығында өткен онкүндігі 2016 – 2017 оқу жылы

Астана қаласы №61 орта мектептің «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің 6-17 наурыз аралығында өткен онкүндігі

2016 – 2017 оқу жылы

 

Тақырыбы: Білім басы бастауышта қаланар,

                       Білімменен әлемге жол салынар.

 

Онкүндіктің жоспары:

  1. Апталықтың ашылуы.
  2. Ашық сабақтар.
  3. 2-4 сыныптар арасында «Бар ғылымның атасы-Математика» атты математикалық сайыс.
  4. 3-4 оқушылар арасында «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты Абай оқуы.
  5. Апталықтың жабылуы.


Астана қаласы №61 орта мектептің «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің 6-17 наурыз аралығында өткен онкүндігі

2016 – 2017 оқу жылы

 

Тақырыбы: Білім басы бастауышта қаланар,

                       Білімменен әлемге жол салынар.

 

Онкүндіктің жоспары:

  1. Апталықтың ашылуы.
  2. Ашық сабақтар.
  3. 2-4 сыныптар арасында «Бар ғылымның атасы-Математика» атты математикалық сайыс.
  4. 3-4 оқушылар арасында «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты Абай оқуы.
  5. Апталықтың жабылуы.

 

6 наурызда онкүндіктің ашылу салтанатын бастауыш сынып бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.К.Джабаева құттықтау сөз сөйлеп, өтілетін іс-шараларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатына директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Касымжанова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ш.Шамшатова, Ә.Аренова куәгер болды. 

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімді  қолдана білді.  Жаңа форматтағы ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, жақсы баға берді.

Ашық сабақтары жоғары деңгейде өткізген мұғалімдерді атап айтсақ: Д.С.Сапарова, З.К.Даирбекова, А.О.Куатова, Ә.Мағжан, Г.К.Лахаева, С.К.Рыскулова  оқу үрдісіне жаңа әдіс — тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері сыныптан тыс шараларды да  сапалы деңгейде өткізді.  2-4 сыныптар арасында «Бар ғылымның атасы-Математика» атты математикалық сайыс (жауапты: М.Әлия), 3-4 оқушылар арасында «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты Абай оқуы (жауаптылар: Ж. Б..Бақытбекова, С. К. Рыскулова) өтті.

Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырылды (жауаптылар: А.Б.Тулеубаева және М.Т.Нурлан). Сонымен қатар онкүндікте белсенділік көрсеткен оқушылар мадақтамамен, ал жоғары деңгейде  ашық сабақ өткізген мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды. Онкүндік бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ КЕЗІНДЕ...






СЫНЫПТАН  ТЫС  ІС-ШАРАЛАР

«Бар ғылымның атасы-Математика» атты математикалық сайыс







«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты Абай оқуы.







ОНКҮНДІКТІҢ ЖАБЫЛУ СӘТТЕРІНЕН...




Комментариев нет
Просмотров: 1018
Автор: 61mektep
Сайт: www.61.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.04.2017 в 00:00