Меню KDT

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты өтті.


Қаратерек орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты өтті.Салтанатты іс-шара ҚР әнұранымен басталса,әрі қарай ауыл әкімі Касымбеков Асқар Ақылбекұлына сөз берілді. Тарих пәнінің мұғалімі Касымбекова С.М «Тәуелсіздік – киелі ұғым » атты баяндама оқыды.Баяндамадан соң мектеп оқушыларының тақпақтары тыңдалды.10-сынып оқушысы Диннер Петр «Көк тудың желбірегені» және 4-сынып оқушысы Ислямов Жақсылық «Егемен ел» әндерін орындады.Аталған білім беру мекемесінде «25 жұлдызды күн» салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты өз деңгейінде жақсы өтті.  


Комментариев нет
Просмотров: 1017
Автор: b129skobilim
Сайт: www.b129.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.11.2016 в 00:00