Денсаулық достары
№ 55 орта мектепте 07 сәуір күні бастауыш сыныптар аралығында халықаралық денсаулық күні қарсаңында «Денсаулық достары» атты салтанаты іс шара өткізілді. Мақсаты: Дұрыс өмір сүру арқылы баланың денсаулығын сақтау. Ашылу салтанаты мен өткізілуіне бастауыш сынып оқушылары және ұстаздары қатысты.
№ 55 орта мектепте 07 сәуір күні бастауыш сыныптар аралығында халықаралық денсаулық күні қарсаңында «Денсаулық достары» атты салтанаты іс шара өткізілді. Мақсаты: Дұрыс өмір сүру арқылы баланың денсаулығын сақтау. Ашылу салтанаты мен өткізілуіне бастауыш сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Мектеп директоры сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларын осы айтулы күнмен, ізгі тілектерін тілеп құттықтады. Оқушылар және ұстаздар бағдарламамен танысты. Әнұранмен басталып, салтанатты жиын мұғалімдермен бірге мерекелік шараны көңілді, бойды сергітетін таңғы жаттығулармен басталды.Таңғы жаттығудан кейін оқушылар топқа бөлініп, дене шынықтыру залына спорттық сайыстар өткізілді. Онда оқушылармен дене шынықтыру пәні мұғалімдері әр түрлі жарыстар өткізіп балаларға қуаныш сыйлай білді. Мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!