Меню KDT

Экологиялық кеш

География пәнінің мұғалімі Куандыкова А.Б.«Жер тағдыры – ел тағдыры» атты экологиялық кеш өткізді.


География пәнінің мұғалімі Куандыкова А.Б.«Жер тағдыры – ел тағдыры» атты экологиялық кеш өткізді. Экологиялық кештің мақсаты – білім  алушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Табиғат-тіршлікітің көзі. Экологиялық білім жайлы кіріспе жасалды. Білім алушылар мынадай тақырыптарда баяндама оқыды: «Табиғаттағы тіршілік», «Табиғатты қорғаудағы міндеттеріміз», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы».Табиғат жайлы өз шығармашылықтарын (суреттер, өлең жолдары) ұсынды. М.Мақатаевтың»Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның білім алушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы, табиғаттың сұлулығын сақтай білу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау ең басты мақсатымыз, парызымыз болуы керек екенін ұғынды.

Теги:  Экологиялық, кеш

Комментариев нет
Просмотров: 745
Автор: b129skobilim
Сайт: www.b129.sko-bilim.kz
Добавлено: 07.04.2017 в 00:00