Мектепте «Жан ана»атты мерекелік шара өтті
7 наурыз 2017 жылы мектепте «Жан ана»атты 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.
Бүгін жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін сепкен Аналар күні! Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жан ана!» атты салтанатты мерекенің алғашқы сөзін мектеп директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы алып, ұстаз аналарымызды құттықтады. Мектептегі өнерлі оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасқан шараға жиналған көпшілік мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
![]() |
Комментариев нет
Просмотров: 690
