Наурыз менің елімнің берекесі
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 21.03.17 күні Ленинград ауылының Мәденет үйі маңында мерекелік концерт қойылды.
Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 21.03.17 күні Ленинград ауылының Мәденет үйі маңында мерекелік концерт қойылды. Сонымен қатар 2 үлкен киіз үй орнатылып, алтыбақан да тұрғызылды .Халық көп жиналған жерде ұлан-ғасыр той тойланды.Қазақтың жаңа жылы болып есептелетін бұл мереке, ұлттық ойындарға толы болды.Мерекелік дастархан да жайылды. Концертке №2 Ленинград орта мектебінің оқушылары да белсене қатысты. Олар: Рахат Даурен, Мақсатұлы Намыс, Тлеугали Адильбек, Хадария Ақжол, Аялбек Иззат. Одан басқа да мектеп оқушылары ұлттық ойындарға қатысып, сый-сияпатқа ие болды. Жалпы Наурыз мерекесі баршамызға құт пен береке, ырыс пен шапағат әкелсін. Мереке құтты болсын.
Мектеп тілшісі: Куликова Алма