Меню KDT

22 наурыз мейрамы

    Мектебімізде наурыз мейрамы тойланды. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар белсене қатысты.  Ауыл тұрғындары және ата - аналар  наурыз мейрамына белсене  қытысып, мектеп ұжымыныа өз ризашылықтарын айтты.

                                        


   Мектебімізде мейрам 11 30  басталып 13 00  аяқталды. Қыдыр атаның келіп бата бергеніне жиналған қауым өте риза болды. Күн кейпіндегі оқушының жасырған жұмбақтарының жауабын көрермендер тауып, әртүрлі сыйлықтарға ие болды. Бұрынғы ескі дәстүрімізді, яғни айтыс өнерін оқушыларымыз жоғары деңгейде көрсете білді.

    9- сынып  оқушысы Қайролла Жанельдің орындауында «Домбыра» әні шырқады.

4-10  сыныптың барлық қыздары «Наурыз» биін биледі. Мектептің жас ұстаздарының орындауында «Қазақ дәстүрлері» және «Дастархан» әндері шырқалды. Қазақтың салт дәстүрінің «Тұсаукесер» рәсмі өткізілді. 4-10 сынып ұлдары «Қазақ батырлары» әніне шақшына келтіріп  биледі.

  Информатика пәнінің мұғалімі «Еркесылқым» күйін көрермендерге паш етті. 6-8  сынып қыздары күн мен түн биін биледі. Салт  -  дәстүр бойынша арқан тартыс және қол күрес ойындары ойнатылды. Жеңімпаздарға сыйлық берілді. 10 – сынып оқушысы Акишева Асеманың орындауында «Мереке»  және  7-  сынып оқушысы Сәрсенбай Мәрленнің орындауында «Наурыз құтты болсын»  әндеріі шырқалды.

   Сөз соңында мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі барлық көрермендерді наурыз мейрамымен құттықтады.      

Теги:  Алқатерек орта мекте, і наурыз мейрамы

Комментариев нет
Просмотров: 1112
Автор: b024skobilim
Сайт: www.b024.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.03.2017 в 00:00