Меню KDT

Ұлыстың Ұлы күні әз - Наурыз мейрамы құтты болсын!

20 наурыз С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні тойланды. Мейрамды Жарапазан айтушы балалар яғни 4 сынып оқушылары  Ермекпай  Алиакбар, Закирья Әділхан, Муктарова Гульназ, Наушина Асылтас бастап кетті. Шашу шашылып, даярлық топ бүлдіршіндері "Шашу" биін билеп мейрамды жандандыра түсті. Мектеп басшысы Т.Б.Абдрахманова жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қызыр ата келіп,  Наурыз көже ішіліп бата берілді. Мектеп оқушылыры қазақтың ұлттық билерін билеп, ұлттық ойындарын "Теңге алу", "Орамал тастау", "Санамақ", "Білектесу" секілді ұлттық ойындарды көрсетті. Салт-дәстүрге байланысты "Беташар" рәсімі мен "Тұсау кесер" рәсімі көрсетілді. Жиналған қауым мерекенің соңында жайылған дастархан басынан ауыз тиіп, тарқасып жатты. 


Теги:  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы тойланды.

Комментариев нет
Просмотров: 462
Автор: b1318skobilim
Сайт: www.b1318.sko-bilim.kz
Добавлено: 23.03.2017 в 00:00