«Қазақ аруы- 2017» байқауы
8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні аналарымыз бен апаларымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Алаштың ұлтжанды азаматтарын, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін – қыздарымыз. Сол себепті мектебіміздегі ару қыздарымызға 6 наурыз күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 сынып арулары арасында «Қазақ аруы- 2017» байқауы өткізілді. Байқауға қыздар аса дайындықпен келіп, бар өнерлерін ортаға салды.
«Қазақ аруы -2017» номинациясын 9 «а» сынып оқушысы Айымғазы Назерке жеңіп алды. Адамзаттың әдемі сыңары болған аруларымыздың жүздерінен әрқашан әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары мен жүректерінің мәрттігі сөнбесін деп тілейміз!





Комментариев нет
Просмотров: 397