«Көктем аруы- 2017»
«Көктем аруы-2017» байқауы 06.03.17 жылы, мектебіміздің жоғары сынып оқушы қыздарының өнері мен білімін шыңдап, дәстүрлерді және салттарды білуін саралайды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем аруы- 2017» атты байқау
Мақсаты: қыз балалар тәрбиесін нығайту, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және қыз балалардың этикалық – эстетикалық тәрбиесін жоғарлату.
«Көктем аруы-2017» байқауы 06.03.17 жылы, мектебіміздің жоғары сынып оқушы қыздарының өнері мен білімін шыңдап, дәстүрлерді және салттарды білуін саралайды. Байқауға 8 – 10 сыныптар арасында қыз балалар қатысты. Мектебіміздің өзін – өзі басқарудағы белсенді 10 «А» сынып оқушысы Балтабаева Алуа ұйымдастырып, белсенділік танытып, байқауды өз жауапкершілігіне алды. Ару қызарды сынау 5 кезеңнен тұрды:
- таныстыру; 2) өнер; 3) қол өнер; 4) қазақтың ұлттық тағамдары; 5) сынау сұрақтары. Осы кезеңдер арқылы мектебіміздің аруын таңдау мақсаты болды.
Мектебіміздегі «Көктем аруы - 2017» байқауының жеңімпазы және Бас Жүлде иегері 10«А» сынып оқушысы Бакибаева Дамеля болды. Ал 2 орынды 9 «Б» сынып оқушы Серікова Ажар иеленді. 3 орын жеңімпазы 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқмурзина Аягөзге берілді. Сондай – ақ
Байқау барысы қыздардың өз өнерлерін көрсете отырып, тәлім –тәрбиеге, ізеттілікке және де ұлттық тәрбиеміздің маңыздылығы мен дәстүрлерді ұмытпауға үйретті. Қыз балаларымыз сайысқа талаптана дайындалып, өз білімдерімен өнерлерін шыңдай түсе білді.