Қазақ тілі пәнінің апталығы. «Қазақ тілі-байлығым сарқылмайтын»
«Қазақ тілі-байлығым сарқылмайтын»
31қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Қазақ тілі-байлығым сарқылмайтын» атты қазақ тілі пәнінің апталығы өткізілді.
Ашылу салтанатына «Қазақ тілі»туралы мәлімет берілді,тіл туралы бейнебаян көрсетілді.
Апталықта өткізілген іс-шаралар:
- қаңтар апталықтың ашылуына бейнебаян көрсетілді.
- аңтарда «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін »атты жас ақындардың шығармашылық кеші өткізілді.Барлық сыныптар қызығушылықпен қатысты.Өздерінің жүрек жарды жырларын халқына арнады.
1ақпан күні «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты өткізілді.5-6 сынып оқушылары белсене қатысып, көрерменге көрініс ұсынды. Жаман әдеттен сақтануды, жақсыдан үлгі алуды насихаттады.
2 ақпанда «Поэзия- менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысы болды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан өлең-жырлар көрерменге шашу болып төгілді. Мектеп оқушылары білімдерін сынап, мәнерлеп оқуды жетік меңгеріп, отырған қауымның көңіліне жеткізе білді.
- 3ақпанда «Алаш мақтаныштары» атты Алаштың 100 жылдығына орай шығармашылық кеш өткізілді.Оқушылар ортаға шығып Алаш мақтаныштарының өлеңдерін айтып, ойларымен бөлісті. Бейнебаян көрсетіліп, Алаш мақтаныштарының өмірі туралы жалпы мәлімет берілді
-
4ақпанда « Болашақтың тұтқасы-білімді жастардың қолында» оқушылармен болашақ мамандықтары жайлы сөз қозғалды. Елімізді көркейтудің, тілімізді дамытудың жолдарын іздеп оқушылар өз ойларын ортаға талқыға салды. Олар өздеріне керекті мағлұматтар алды. Оқушылар белсенді қатысты.
Орындаған : қазақ тілі мұғалімі И.Т.Анас
