«Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артыңда» атты еліміздің белді азаматтарымен кездесу кеші өтті.
№51 мектеп-гимназиясында «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артыңда» атты еліміздің белді азаматтарымен кездесу кеші өтті.
Кештің қонақтары:
- Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор – Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.
- «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры - Дихан Қамзабекұлы.
- Айтыскер-ақын, филолог, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Дүйсенғазин Серікзат Мақсұтұлы.
- "Өркендеу" жобасын жүзеге асырушы Күлән Тұрысбекқызы.
- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, төрайымы Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы.
- Астана қаласы бойынша "Жас Отан" ұйымының төрағасы Болысбек Мұхамеджан.
Салтанатты кешті «51 мектеп-гимназия» КММ директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері – Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы ашты. Кейінгі кезекте сөзді Тоқтар Оңғарбайұлы алып, жас буын, оқушылар қауымының көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Сырласудан соң, мекеменің жас ақындары тарихи тұлға – Тоқтар Әубәкіровке арнауларын оқыды. «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры, Дихан Қамзабекұлы мен айтыскер-ақын, филолог, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Дүйсенғазин Серікзат Мақсұтұлының сөздерінен кейін, мектептің үміт күтер дарынды тәлім алушылары: Тұрдахан Меңлік, Нұрланқызы Дана, Ерасыл Ғали өздерінің өнерлерін көрсетті.
Кешті қорытындылау сөзін "Өркендеу" жобасын жүзеге асырушы, "Ата мектебі", "Әже мектебі", "Ана мектебі", "Аға мектебі", "Жеңге мектебі" жобаларын насихаттаушы Күлән Тұрысбекқызы алып, клубтардың жетістіктерімен таныстырды. Содан кейін "Өркендеу" клубының жетекшілерін, "Өркендеу жобасын" жүзеге асыруға атсалысушыларды марапаттау рәсімін Динара Тайбасарқызы мен Болысбек Мұқамеджан өткізді.
Кеш мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы – Құдайберген Әділеттің «Жас қыран» ұйымына 50 оқушыны қабылдап алу рәсімімен жалғасып, "Жас ұлан" ұйымының дефилесімен аяқталды.






