Меню KDT

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Көктем аруы" атты сайыс

Мектепте 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты жоғары сынып қыздары арасында  "Көктем аруы" атты сайыс өткізілген болатын. Сайыс 4бөлімнен жасалып, бірінші бөлімде "Сөз атасы - сәлем" демекші  қыздар өздерін таныстырып өтті, екінші бөлім "Өз өнерін көрсетуде" қыздарымыз аянып қалған жоқ,  айта кететін болсақ Ермекпаева Данагүл 8 сынып және Шакеева Динара 6 сынып оқушылыры тамаша би билеп, Қожғали Мадина "Ұзтазым" әнін  шырқап берді, сонымен қатар мәнерлеп оқумен Даирова Ақбота 8 сынып көрермен көзайымына айналды. "Ұлттық салт дәстүрді дәріптейміз бе?" атты сайыста қыздарымыз "Тұсау кесер", "Беташар", "Қырқынан шығару" ұлттық ойындарды да "Білектесу", "Арқан тартысу"ойндарын көрсеткенде оңай әрі көркем етіп жеткізе білді. "Қызықты сұрақтар" айдарында қыздарымыз тапқырлық танытып Ермекпаева Данагүл бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Шакеева Динара, үшіншіі орынды Мажитова Лейла және Қожғали Мадина иеленді.



Комментариев нет
Просмотров: 610
Автор: b1318skobilim
Сайт: www.b1318.sko-bilim.kz
Добавлено: 09.03.2017 в 00:00