Алғыс айту күні
Талайды тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді. Осыған орай біздің мектебімізде Ризашылық күніне байланысты мектеп ұжымы және оқушылардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл іс - шараның басты қонағы аудан орталығынан келген Құрылыс бөлімінің басшысы Шамшетов Мамырбек Бұланұлы және Рузаев селолық округінің бас маманы Кожахметова Әсел Бөкенқызы және ауылымыздың қадірлі зейнеткерлері болды. Мамырбек Бұланұлы өзінің жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Іс - шараның жалғасы дастархан мәзіріне ұласты. Ауылымыздың қарттары ұйымдастырылған іс - шараға дән риза болып, өздерінің ақ батасын берді.
Комментариев нет
Просмотров: 815