«Өзін-өзі тану»

Жауапты бастауыш сынып мұғалімі: Даукенова А.Р

Оқушыларға көпшілдік пен өзімшілдік,батылдық пен өжеттік ұғымдары туралы түсінік бере отырып дұрыс әрекет құндылығын мәнін ашу мақсатында 4 «А», «Ә» сыныптарында«Өзімшілдік пен көпшілдік», «Батылдық пен өжеттік»тақырыбында ашық сабақ өтті.
Өткізген бастауыш сынып мұғалімдері: Даукенова А.Р, Каиржанова Т.Ж.

Оқушылардың адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында «Мен және табиғат», «Менің қолымнан бәрі де келеді» тақырыптарында сурет, бұйымдар көрмесі өтті.
Ұйымдастырған технология пәнінің мұғалімі Абильмажинова Ж.Т

«Жүректен жүрекке» азқамтамассыздандырылған отбастарына көмек акциясы өтті.
Жауапты мұғалімдер: Даукенова А.Р, Кажгумарова А.Ж

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу мақсатында «Менімен сырласшы, аяулы анам....» атты ата-аналар конференциясы өтті.
Өткізген мектеп психологі:Габдуллина А.С.
Мерекелік он күндік салтанатының жабылуында өлеңдер мен әндер орындалды.Осы онкүндікте белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бірлестік жетекшісі: А.Р.Даукенова