Меню KDT

Театрлық қойылым

1-4 сынып оқушылар арасында 18 ақпан күні театрлық қойылым ұйымдастырылған болатын. Ондағы мақсатымыз баланы театр түрлері арқылы  шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту; сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу; балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу болды.


Жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр шешуші рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеу мен қиялын дамытады. Осы мақсатта  балалардың бәрі жақсы дайындалып, берілген рөлдерін тамаша орындап шықты. Қойылым соңында дәмді дастархан жайылып, балаларға арналған би кешімен жалғасты. Балалардың көздерінен бақыт көрініп, ұмытылмас қуаныш болды.

Теги:  Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетуді ұйымдастыру

Комментариев нет
Просмотров: 766
Автор: b1318skobilim
Сайт: www.b1318.sko-bilim.kz
Добавлено: 19.02.2017 в 00:00