Меню KDT

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан Жастар қанаты» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен


Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан Жастар қанаты» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және  №51 мектеп-гимназиясыныңұстаздарымен, ата-аналар комитетінің қатысуымен жас ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасы болып өтті.

Өркендеу жобасын таныстыру, насихаттау барысында көптеген сыйлы қонақтар келді. Олар:

  1. Абзулдаева Күлай Тұрысбекқызы –қоғамдық қор «Алдаспан» танымдық қорының басшысы.
  2. Бекжанова Нағима-Республикалық Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан жастар қанаты ұйымының өкілі.
  3. Болысбек Мұхамеджан –Астана қалалық Жас Отан жастар қанатының төрағасы.
  4. Динара Тайбасарқызы-Республикалық Жас ұлан біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.

Жалпы, қоғамдық қор - «Алдаспан» батырлар қоры «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан Жастар қанатымен» және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ұлттық дәстүрге негізділген маңызды рухани-имандылық және әлеуметтік құндылық ретінде азаматтылықты, патриотизмді дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізу арналған қор болып табылады.Кездесу барысында отбасы құндылығы, отбасыдағы ата рөлі, ана рөлі тақырыбында әңгіме қозғалып, өскелең жас ұрпаққа бата берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 651
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.01.2017 в 00:00