Екінші деңгей бағдарламасы
Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына, оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалімдердің шеберлігін арттыру – жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеу, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу жауапкершілігін артады.
Екінші деңгей бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген:
- Біріншісі - мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктерге сай келетін бай білімді игеруі.
- Екіншісі - мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көңіл бөлу. /мұғ.арн.нұсқаулықтан/.
Біз осы идеяны негізге ала отырып, мектептің даму жоспарындағы өзгеріс ретінде енгізген және атқаратын іс-шараларымыз төмендегідей болды:
1. Біліктілігі әр түрлі деңгейдегі мұғалімдермен коучинг жүргізетін коучтер дайындау ;
2. Тәлім алушыға оқыту мен оқудағы тәжірибесін дамытуда тәлімгерлік жасау;