Білім жәрмеңкесі
Бүгін №81 гимназияда мектепішілік «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;
Олимпиада қорытындысы бойынша "Білім миллионері" атағын 2 "В" сынып оқушысы Мұстафин Әлішер жеңіп алып, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. І орынды 4 "Ә" сынып оқушысы Серікқали Абдрахман, (25000 теңге сыйлық), ІІ орынды 3 "Ә" сынып оқушысы Аубакирова Дильназ (15000 теңге) ІІІ орынды 2 "Ә" сынып Қойбағарова Сана (10000 теңге)иеленді.
Комментариев нет
Просмотров: 599