Меню KDT

«Тіл- ұлттың қазынасы»

«Үштілділікті дамыту: «Өзге тілдің бәрін біл,- Өз тіліңді құрметте!» атты тілдер онкүндігі 2017 жылдың 16-27 қаңтар аралығында өтті. Соңғы күні «Тіл- ұлттың қазынасы» тақырыбында қорытынды кеші жүргізілді. Бұл кешке қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Мұстафина Ж.А., Нурушева А.К. жауапты болды. Кешке 5-9 сынып оқушылары атсалысты.


«Үштілділікті дамыту: «Өзге тілдің бәрін біл,- Өз тіліңді құрметте!» атты тілдер онкүндігі 2017 жылдың 16-27 қаңтар аралығында өтті. Соңғы күні «Тіл- ұлттың қазынасы» тақырыбында қорытынды кеші жүргізілді. Бұл кешке қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Мұстафина Ж.А., Нурушева А.К. жауапты болды. Кешке 5-9 сынып оқушылары атсалысты. Өнерлі 5 – сынып оқушылары Көрікбай Н. мен Құдайберген Қ. ақын Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шырқады, 7- сынып оқушысы Тілеуберген Т. «Ана тілім» атты прозалық шығармадан үзінді оқып, кешті жалғастырды. Сонымен қатар 5 орыс сыныбынан Лисичкина В. «Отаным» әнін қазақ тілінде, ал 8- сынып оқушысы Белғожа Перизат қазақтың ұлттық аспабы жетігенмен «Бүлдірген» әнін орындады. 8-9 сынып оқушылары «Шығыс» биін билеп, көрерменнің көңілінен шықты. Кеш соңында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева М.Р. –ға сөз берілді. Ол оқушыларды  құттықтап, онкүндік барысында «Оқырман күніне», ағылшын тілінен өткізілген қойылымға ерекше қатысқан сыныптарды дипломдармен марапаттады. Кеш 6 – сынып оқушыларының орындауындағы флэшмобпен аяқталды.








Комментариев нет
Просмотров: 571
Автор: 80mektep
Сайт: www.80.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.01.2017 в 00:00